31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай еске алу митингі өтті. Бұл шара жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына тағзым ету, тарихтың ащы беттерін ұмытпай, өскелең ұрпаққа сабақ болсын деген мақсатта ұйымдастырылды. Митинг барысында колледжіміздің білім алушылары саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған қоғам қайраткерлері Есет Тоқсанов пен Михаил Амосовтың рухына тағзым ретінде орнатылған ескерткіш тақталарына гүл шоқтары қойды. Қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарындағы қасіретті оқиғаларды еске алып, бейбіт өмірдің, еркін ойдың қадірін бағалауға шақырды.
Еске алу митингі өтті
5/31/2025