2024 жылдың 12 наурыз күні колледжде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен келіп түскен хат аясында қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және колледж қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында оқыту семинары өтті. Семинарға колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамы және қызметкерлер қатысты. Осы іс-шараның нәтижесі әр қызметкердің қол қоюына қарсы осы нормативтік-құқықтық актілермен жеке таныстырылған акт жасау болды.
Қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жұмысы жүргізілді.
3/12/2024